Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Рудный қаласы білім бөлімінің №8 жалпы білім беретін мектебі КММ
Жүгіру жолы
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Рудный қаласы білім бөлімінің №8 жалпы білім беретін мектебі КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар және мектеп қонақтары!
Рудный қаласының №8 жалпы білім беретін мектебінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
Біздің мектебіміз – балаға жайлы орта қалыптастырып қана қоймай, оның болашағына бағыт беретін заманауи білім кеңістігі. Біз үшін әр бала – жеке тұлға, әр баланың қабілеті – мүмкіндік, әр идеясы – болашақ жобаның бастауы.
Басты мақсатымыз – білімді ғана емес, ойлайтын, ізденетін, қаржылық және цифрлық сауатты, жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді қолданатын, ұлттық құндылықтарды құрметтейтін, жауапкершілігі жоғары тұлға қалыптастыру.
Біздің ұстанымымыз – «Әр бала – бір жоба». Әр оқушы өз идеясын ұсынуға, зерттеуге, жаңалық ашуға және нақты нәтиже жасауға мүмкіндік алуы тиіс.

Мектеп – балаға дайын болашақ ұсынатын орын емес, баланы өз болашағын жасауға үйрететін орта.
Осы жолда оқушы – ізденуші, ұстаз – бағыттаушы, ата-ана – сенімді серіктес.
№8 мектеп – тұлға қалыптасатын, идея туатын, мүмкіндік ашылатын, болашақ басталатын мектеп!
 
Құрметпен,
мектеп директоры
Қ.И. Бірманова

Пікірлер қосу

Қорғаныс коды